сейсенбі, 1 қазан 2024
Шоу-бизнес 6 18.04.2023 11:11

Танымал жүргізуші марқұм күйеуі туралы естелігін бөлісті

Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы көпшілікпен күйеуі Қайрат Беркінбаев туралы естеліктермен бөлісті, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Екі кітабын жарыққа шығарған тележүргізуші марқұм күйеуінің кітапты сынға алғанын айтып, көңілін қалдырғаеы

“Әлі есімде, жазып бітіріп, презентациясын өткізген күн еді. Кешке үйде барлығымыз жиналған уақыт. Қайрекең бөлмеге “қазір келемін”,-деп кеткен. Әлі жоқ, әлі жоқ. Шақырсам үндемейді. Біраз уақыт өтті. Бөлмеге кірсем, қолына кітапты ұстап, парақтап оқып тұр. Бетіме қарады да, “мынауың не, Ләйлә?”,-деді. “Осының барлығын жазу керек пе еді?”,-дейді. “Алып таста”,-деп айтады деп, уайымдап кеттім. Ішім алай-дүлей. Сөйтіп, артқа қайтар жол жоқ екенін, кітаптың шығып қойғанын түсініп, үндеген жоқ. 

Бірақ кейін екеуміз барған жерде кітаптың темасы басталып кетсе, оны басқа жаққа ауыстыруға тырысатынмын. “Айта бермесе екен”, – деген ой тұратын басымда. Содан бері 6 жыл өтіпті”, – деп жазба жариялады Ләйлә Сұлтанқызы.