сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 4 18.04.2023 11:25

Болат Назарбаев тағы бір базарынан айырылды

Фото: tengrinews.kz

Қарасай аудандық сотының шешімімен жалпы көлемі 37,6 гектар болатын “Барыс” автобазарын сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылды, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

Соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, шешім 17 сәуірде жарияланған. Судья Ахметова А.Б. Қарасай ауданы прокуратурасының жер телімдерін сату туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арыздарын қанағаттандырды.

Еске салайық, прокуратура, әкімдік және Болат Назарбаев арасындағы іс ағымдағы жылдың наурыз айының соңында басталған болатын.

2004-2019 жылдар аралығында жер телімдерін сату бойынша 7 келісім-шарт жасалған. Жер телімдерін сату барысында өрескел заңбұзушылықтар орын алған. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату келісімдерін жарамсыз деп танып, мемлекет балансына қайтаруды талап етті.