сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 27 18.04.2023 13:42

Павлодарда ағасын пышақтап өлтірген азамат 8 жылға сотталды

Фото: ks-region69.com

Павлодарда өз ағасын пышақтап өлтірген азаматқа сот үкімі шықты. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл туралы КазТаг сайты хабарлады. Оқиға өткен жылы қараша айында болған. Сөзге келіп қалған ағалы-інілі екі азамат жанжалы адам өлімімен аяқталып отыр. Інісі ащы судың күшін өз ағасына пышақ ала жүгірген. Салдарынан бауыры оқиға орнында көз жұмды. 

Көп ұзамай бұл іс бойынша сот үкім шығарды. Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1 бөлігі “адам өлтіру” айыбымен Р есімді айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өз кінәсін толық мойындаған.