сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 5 19.04.2023 11:38

Павлодар: Зейнеткер 5-қабаттан құлап, көз жұмды

Фото: pikabu.ru

Петропавлда зейнеткер 5-қабаттан құлап мерт болды, деп хабарлайды teznews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 сәуір Петропавл полиция басқармасының кезекші бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі үйдің терезесінен 5-қабаттан 67 жастағы әйел құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қазір істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.