сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 27 19.04.2023 12:34

Өзінен 30 жас үлкен азаматқа күйеуге шыққан әйел шындығын айтты

Фото: caravan.kz

59 жастағы Омар Қалиқұлов екі баласымен тастап кеткен жас әйелін іздеп "Астарлы ақиқат" бағдарламасына жүгінген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Қария жас әйелінің үшті күйлі жоғалғанына 1 жыл болып қалғанын айтады. Жас келіншек екі баласын тастап кетіп белгісіз себептермен кетіп қалған.

Редакция Аида Ғабдол есімді қызды алдымен желіден іздеген. Парақшасындағы отбасылық суреттер елді таңқалдырды. Күйеуімен құшақтасып, сүйісіп-өбісіп түскен суреттеріне қарап "Бұл бір шынайы махаббат" дерсің. 

Қария жас келіншегін қызғанғанын, тіпті жұрт көзінен жасырып есігіне құлып салатынын айтқан. Өзі 47 жас шамасында болғанында жары 16 жаста болғанын, онымен осы уақыттардан бастап кездесіп жүргенін жеткізді. Сөзінше, қызды ата-анасы "Бізге ұл керек еді" деп менсінбей балалар үйіне өткізіп жіберген. 

Редакцияға Аида Ғабдолды іздеп табудың сәті түскен.  Ешкімді кінәламайтынын, балаларын іздегенін дегенімен мекенжайын ауыстырған жолдасын таба алмағанын айтты. Аида Ғабдол өзінің бұралаң тағдырынан әбден шаршаған көрінеді. Журналиске берген сұхбаты барысында ол: "Мен көп қиындық көрдім" деп көзіне жас алады. 

Психологтар  әке махаббатын көрмеген 16 жастағы қыз әкесіне ұқсайтын адам іздегенін, сол себепті 30 жас үлкен шалға қосылған болуы мүмкін деп болжап отыр. Оқиғаның нақты себептерін Аида алдағы күндері айтатын болады.