сейсенбі, 1 қазан 2024
Жаңалықтар 6 20.04.2023 10:30

Өзінен 30 жас кіші қызды жар еткен зейнеттегі қарияның әңгімесі жұрт назарын аудартты

Фото: caravan.kz

Қария сырын "Астарлы ақиқат" бағдарламасында ашты.

"Әйелім болғанымен әрі шешем сияқты. Бірақ ол қадірімді түсінбеді. "Мама" деп атап жүрдім өзімше сыйлап. Құдай қосқан қосағым ғой деп сыйлап келдім. Сол сыйымды далаға итеріп тастады. Айлығымның карточкасын да қолына беріп қоятынмын. Зейнетақымды да қолына беріп қоюшы едім", - дейді ол. 

Телевизиялық бағдарламаның көмегімен ақырында ерлі-зайыптылар бір-бірімен қауышты. Бұл туралы тележүргізуші Дина Төлепберген желідегі парақшасында жазба қалдырды.

"Бүгінгі бағдарламаның шешімін көріп, көпшілік қуанды, кей кісілер жиіркендік деп жасырмай жазып жатыр әлі де...Өз қалауы мен таңдауын тапқан Омар мен Аиданы таразыға салмайық, ағайын. Бастысы, ана, байлығы -балаларының қасында, күйеуімен бақытты…Сынай бергенше, бұл жұптың бақытын баянды ету үшін біз тағы не істей аламыз? Осыны ойланайықшы", - деді тележүргізуші. 

Айта өтейік, қария жас келіншегін қызғанғанын, тіпті жұрт көзінен жасырып, кетерінде есігіне құлып салатынын айтқан еді. Өзі 47 жас шамасында болғанында жары 16 жаста болғанын, онымен осы уақыттардан бастап кездесіп жүргенін жеткізді. Сөзінше, қызды ата-анасы "Бізге ұл керек еді" деп менсінбей балалар үйіне өткізіп жіберген.

"Үйге 16 жасында алып келдім. Бірақ ол кезде жақындасқан жоқпыз",- деген Омар Қалиқұлов.