дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 20.04.2023 13:34

Шымкентте қоғамдық көлік ішінде жыныс мүшесін ұстап, анайы әрекет жасаған күдікті ұсталды

ФотО: aqtobegazeti.kz

Шымкентте қоғамдық көлік ішінде жыныс мүшесін ұстап, анайы әрекет жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды teznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 1989 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан. Шымкент қаласы ПД мәліметінше, екі жағдайда да көзге түскен бір адам болуы мүмкін.

Айта кетейік, Шымкенттегі автобуста ер адам жыныс мүшесін ұстап отырған видео әлеуметтік желіде жарияланған еді. Жағдай бір емес екі рет қайталанған. Күдікті анайы әрекетті қыздардың көзінше жасаған. Кейін бұл жағдайды олардың анасы мәлімдеген.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда ер адам автобуста жыныс мүшесін шығарып отырғаны хабарланған болатын.