дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 20.04.2023 14:34

Динара Сәтжанға сұхбат беру үшін қомақты қаржы төлеуіңіз керек

Фото: ognialatau.kz

Тележүргізуші Динара Сәтжанға сұхбат беру үшін қомақты қаржы төлеуіңіз керек, деп хабарлайды teznews.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол "РЕВЮ" бағдарламасына берген сұхбатта айтты.

"Сұхбатқа 3 миллион теңге алатыным рас. Сайлау басталған кезде "Орталық сайлау комиссиясы" маған белгілі бір кандидатпен сұхбаттасу үшін "қанша ақша төлеу керек екенін айт, біз төлейміз" деген соң ғана біз сол соммаға келістік. Ал белгілі кәсіпкер я болмаса саясаткер немесе өнер иелерін өзім шақырамын және ешқандай ақша талап етпеймін. Ал егер танымал болғысы келетін адамдар болса сол кісілер төлейді", - дейді Динара Сәтжан.