дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 9 20.04.2023 14:58

Ресейде Jah Khalib-тің концерті өтпейтін болды

Фото: rap.ru

ИА REGNUM басылымының мәліметіне сүйенсек, бұл ақпаратпен Crocus City Hall концерттік алаңының бас директоры Роман Грачев бөліскен, деп хабарлайды teznews.kz “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.

“Украинаны ашық қолдаған қазақстандық рэпер Jah Khalib-тің Мәскеуде жоспарланған концерті өтпейді”, – деген ол.

Ресей қоғамы Бахтияр Маметовты Украинаны ашық қолдағанымен қоймай, Украина Қарулы Күштеріне ақша жинауы да мүмкін деп айыптауда.

Айта кетейік, Бахтияр Мамедов (Jah Khalib) — қазақстандық орыстілді рэпер. Ол өз елінде ғана емес, басқа да посткеңестік елдерде танымал.

Ол 23 сәуірде Мәскеуде, 25 сәуірде Санкт-Петербургте үлкен жеке концертін өткізуді жоспарлаған. Нәтижесінде екі қалада да концерті тоқтатылды.

Әлеуметтік желіде танымал әнші Jah Khalib-тың мешіт тазалап жүрген видеосы тарады.

Видеода рэпер Jah Khalib танымалдылыққа жетпей тұрғандағы өмірі жайлы сөз қозғады. Басылым әлеуметтік желілерде қолданушылар наразы болып, концерттің тоқтатылуын талап еткенін атап өтеді. Музыкант Аким Апачев Мәдениет министрлігіне сауал жолдап, Jah Khalib-тың Украина армиясын қолдап қана қоймай, Украина Қарулы күштерін де қаржыландырғанын айтқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей думасы Jah Khalib концертіне тыйым салуды талап етіп жатқаны белгілі болған.