дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 20.04.2023 16:54

Алматыда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұсталды

Фото: azh.kz

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті Chia Tai Tianging қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерді өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан. Өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етілді. Айта кету керек, Chia Tai Tianging Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген.

Қазіргі уақытта ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа ұйымдастырушыларды анықтап табу бойынша іс-шаралар жалғасуда.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз Chia Tai Tianging әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласыңыз.