дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 8 21.04.2023 10:24

Әнші Әлішер Кәрімов үйлену тойының уақытын белгіледі

Фото: ашық дереккөз

Танымал әнші Әлішер Кәрімов “1001 түн” бағдарламасында сүйіктісі бар екенін айтып қалды, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Эстрада жұлдызы жеке өмірін құпия ұстайтын әншілердің қатарынан. Алайда бұл жолы жүрегінен шыққан махаббат әндерінің кімге арналатынын жасырмай айтты. Нұрлан Әлімжанның әні мен сөзіне жазылған “Сен маған керексің” деп аталатын әнін Әлішер Кәрімов астаналық аруға арнаған.

Бағдарлама жүргізушісінің: “Сізге кім керек?” деген сауалына әнші: “Әрине, әр адамға махаббат керек. “Сен маған керексің” деген сөздер сезімді білдіретін “Сені сүйемін, саған ғашықпын, маған ұнайсың” сияқты басқа сөздерден жоғары тұрады. Бұл сөздерді айтатын адам бар. Ол адам болмаса, осындай әндер шықпас еді”, – дейді Әлішер Кәрімов.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта сүйіктісімен арада салқындық барын да жасырмады.

“Әзірше әннің адресатымен сөйлеспей жүрміз. Бәлкім, жылдың аяғына дейін бәрі жақсы болып, қуанышпен кездесерміз. Біз бір-бірімізді ренжіткен жоқпыз. Кейде осындай үзіліс жасап, ойланатын кездер болады”, – дейді өнер иесі.

Әнші сөз арасында жүрегін жаулаған арудың Астана қаласында тұратынын да айтып қалды.