дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
0 24.04.2023 9:29

Жазира Байырбекова күйеуін "жәннатым" дейтіндерді сынады

Фото: paryz.kz

Белгілі әнші Жазира Байырбекова күйеуін “жәннатым” дейтін әйелдерді түсінбейтінін айтты.

 

Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

“Осы ойымды ашық айтқаным үшін көбіңіз ренжисіздер-ау… Күйеуін “жәннатым” деп санаған дұрыс-деп қанша жерден естісем де келісе алмай-ақ қойдым. Әр адам өз ата-ансын осылай атаса 100% қосыламын. Өйткені ата-анасын ешкім,ешқашан ауыстыра алмайды. Күйеуін,балаларының әкесін сыйлаған,құрметтеген өте дұрыс. Бірақ “жәннатым” деп тек әке-шешеге айтса жарасатын сияқты”, – делінген жазбада.

Жазира Байырбекованың оқырмандары әншінің бұл ойын қолдайтынын білдірді.

“Дұрыс, қосыламын. Күйеу ешқашан жәннатың болмайды, ол – өмірлік серігің”, “Әсірелемей-ақ сүйе беруге болады”, “Ер азаматың қанша жерден жақсы болса да, олай ата-анамен теңестіру әбес қылық”, – деп жазды желі қолданушылары.