дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 7 24.04.2023 10:11

"Мақпал Заманбекке тимесе, қазір жағдайы жақсы болар еді" - Композитор

Фото: paryz.kz

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі соңғы кеде сынға ұшырап жүрген әнші Мақпал Жүнісованың жеке өміріне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Teznews.kz порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Композитордың айтуынша, Мақпал Жүнісованың танымал болуына әншінің күйеуі әрі белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің еш әсер еткен емес.

“Сенің жер басып жүргенің басқа біреуге ауыр тиюі мүмкін. Адамның алдымен өнерін бағалаймын. Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділовке тимегенде де Мақпал болып қалар еді. Онсыз да халық әртісі атанар еді. Тіпті Мақпал Заманбекке тимесе, қазір жағдайы жақсы болар еді деп ойлаймын. Ол кезінде Заманбек Нұрқаділовтің әйелі болғаны үшін ғана баратын жеріне бара алмай, аяқ-қолы тұсаулы жүрді ғой. Мақпал өзі тиген жоқ, Заманбек оны алды. Заманбек кімді сүйіп, кімді алады, өзі біледі. Егер Мақпал Заманбекке күйеуге тигеннен кейін әнші ретінде танылса, таланты ашылса, түсінер едім”, – дейді композитор.

Сондай-ақ ол Халық әртісін қазақ тарихында есімі қалған дарынды әншілерге теңеді.

“Мақпал Жүнісова – тағдырлы әнші. Ақан Сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Балуан шолақ тарихта өнер адамы ретінде қалды. Сол кезде олардан да мықты әншілер болмады деп ойлайсыз ба? Осы бес адамды халықтың жүрегінде мәңгі қалдырған не нәрсе? Олардың тағдыры. Сол сияқты  Мақпал мен Заманбектің қосылғаны ғасырдан ғасырға аңыз боп кете береді. Сондықтан олардың қазақ өнеріне қосқан үлесін ғана айтуымыз керек”, – дейді Қалдыбек Құрманәлі.