дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 24.04.2023 14:39

Air China Астанаға алғашқы рейсін орындады

Фото: class-tour.com

"Air China" Астанаға алғашқы рейсін орындады, деп хабарлады елорда әуежайының баспасөз қызметі.

"Бүгін түнде "Air China" алғашқы рейсті орындады. Қазақстан астанасына 60 жолаушы келіп, 21 адам кері ұшып кетті", - деді Астана әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Қытай әуе компаниясы 21 сәуірден бастап Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша аптасына үш рет тікелей жолаушылар рейсін қайта бастады.

Рейстер аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.