дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 24.04.2023 16:16

Бейтаныс қыз Қайрат Нұртастың бетінен сүйіп алды

Фото: stan.kz

Танымал хитмен Қайрат Нұртастың мойнына асылып, бетінен сүйіп алған бейтаныс бойжеткен сынның астында қалды, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әнші Мирас Жүгінісовтің концертінде өнер көрсеткен Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды. Ән айтып тұрып ол жиналған көрерменнің арасынан бейтаныс бойжеткенді сахнаға шақырды. Топ арасынан атылып шыққан ару сахнаға шығып Қайрат Нұртастың мойнына асылып, бетінен сүйіп алды. Бейтаныс қыздың бұл әрекетінін біреулер батылдыққа баласа, енді бірі жас қыздың отбасылы ер адамның мойнына асылғанын құп көрмеді. Кейбір желі қолданушылары қыздарға мұндай қылықтың жат екенін түсіндіріп әлек.

“Тана көзін сүзбесе бұқа жібін үзбейді”, “Қыз балаға нәзіктік тән”, “Мынадай ерсі қылық жасамаңыздар”, “Отбасылы еркекке асылып, ұят емес пе?”, “Жарайсың,ешнәрседен қымсынып тұрған жоқ”, – деп жазған көпшіліктің пікірі екіге бөлінді.