дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 9 24.04.2023 16:48

Альмира Тұрсын Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі Назира Бақаевамен кездесті

Фото: instagram.com/almiratursyn

Отандық актриса Альмира Тұрсын Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі Назира Бақаевамен кездесіп, режиссермен арақатынасы туралы қауесетке нүкте қойды, деп хабарлады Stan.kz.

Актриса Назира Бақаевамен кездесіп, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

“Назира Бақаеваға маған уақыт бөліп келгені үшін және ашықтығы мен шынайылығы үшін алғыс айтамын. Біз ара қатынасымыздағы сыйластықтан айнымай, жайлы жерде әңгіме-дүкен құрдық, өз сұрақтарымызға жауап алып, жеңілжеп қалдық. Ерлі-зайыптылардың ажырасуына мен себепкер болмадым. Олардың өз жеке себептері бар. Мен де бұрынғы күйеуіммен бөтен ер адам үшін ажырасқан жоқпын. Ажырасуымның өз себебі бар. Мен тоқал немесе екінші әйел емеспін. Назира екеуіміздің бір-бірімізге деген ренішіміз жоқ. Тіпті керісінше, өзара сыйластығымыз арта түсті. Алдағы уақытта қарым-қатынасымызды үзбей, дос боламыз”, – деп жазды Альмира Тұрсын.