сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 11 24.04.2023 17:17

Оңтүстік Кореяда ит етін жеуге тыйым салынуы мүмкін

Фото: inbusiness.kz

Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы Ким Кеон Хи Юнның президенттік мерзімі аяқталғанға дейін ит етін жеу дәстүріне нүкте қойдыру - оның парызы болып табылатынын айтты.

Бұл туралы teznews.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оңтүстік Кореяның бірінші ханымы Ким Кеон Хи елдегі ит етін жеу дәстүрін доғаруға шақырған мәлімдемелері үшін ит өсіретін фермерлердің мүдделерін танытушы топтың сынына ұшырады, деп хабарлайды SCMP.

Аталған топ Ким президент те, депутат та емес, сондықтан ол мұндай мәселелерде бейтарап болуы керек деп мәлімдеді, өйткені бірінші ханымның басты міндеті президентті қолдау болып табылады.

"Жануарлар құқығын қорғайтын топтардың жағына шыға отырып әрі ит етін жеуден бас тартуға шақыруда ол өз орнын ұмытып, саяси қызметке ұмтылуда".Фермерлердің мәлімдемесі