дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 15 25.04.2023 10:10

Гүлназ Жоланова белгілі кәсіпкердің келіні болып шықты

Фото: ашық дереккөз

Отандық актриса Гүлнәз Жоланованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды teznews.kz stan.kz сайтына сілтеме беріп.

Әлеуметтік желіде актрисаның күйеуі белгілі қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Тойбазаровтың ұлы деген ақпарат тарады. Гүлназ Жоланованың күйеуінің әкесі Өскемендегі мейрамханалар мен қонақүйлер желісінің иесі, белгілі кәсіпкер Мұхтар Тойбазаров екені жайлы отандық БАҚ жарыса жазып жатыр. Желіде тараған ақпаратқа сүйенетін болсақ, кәсіпкер "Пять звезд" ЖШС қожайыны әрі директоры және "Резиденция Остров" демалыс және ойын-сауық орталығының негізін қалаушы.

Актрисаның өзі бұл ақпаратқа қатысты еш түсінік берген жоқ. Гүлнәз Жоланова әлі күнге дейін өмірлік серігін көпшіліктен жасырып қалғысы келеді. Дегенмен, ол желідегі парақшасында той көйлегімен түскен суреттері мен видеоларын естелік ретінде жариялады.