дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 4 25.04.2023 11:49

Сабина Алтынбекованың Қазақстанға не себепті келгені белгілі болды

Фото: diapazon.kz

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбеква алдағы жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды teznews.kz сайты vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Instagram желісіндегі жазылушыларына жауап бере отырып спортшы алдағы жарты жылды елде өткізетінін айтты.

"Постты өткізіп алғандар үшін, біз араб лигасының чемпионы атандық. Енді жарты жылдай Қазақстанда боламын", - деп жазыпты Алтынбекова.

Еске салайық, Сабина Алтынбекова өнер көрсететін Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Васл" клубы наурзыда ұлттық чемпионатта жеңімпаз атанған болатын.