дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 6 25.04.2023 14:15

Роза Әлқожаның баласын болашақ құдалары менсінбегенін айтты

Фото: ©instagram.com/roza_alqozha

Өнер иесінің айтуынша, ер жеткен ұлын қазақы дәстүрмен үйлендіргісі келіп, қыз көруге барған. Алайда мұнысы сәтсіз аяқталған көрінеді. Бұл туралы ол өзінің Instargam-дағы парақшасында жазды.

“Мен негізі ұлыма да, қызыма да жар таңдауда асықпаңдар деп айтамын. Өйткені үйлену –  оңай, үй болу қиын. Екеуара үйлесім болмаса, ол сенімен көзқарасы бір болмаса неке түгілі, бизнесте одақ құру қиын. Жақында ұлымызды көрген бір әйел “қыз көріңдер” деген соң, барып танысқанбыз. Содан қыз бен бала бір-бірін ұнатып, кездесіп жүрсе, әкесі тыйым салыпты. Бизнесмен болсын дейтін көрінеді. Біз өзі әннен басқаны білмейтін өнерлі әулетпіз ғой. Бара қойсын дедік. Мен бар болғаны “адамның басын емес, дүниесін қадірлейтіндер керек емес” дедім”, – дейді әнші. 

Желі қолданушылары эстрада жұлдызының бұл сөзінен кейін оны қолдап, жазба астына пікір қалдырды.

“Деген жұрт дей берсін олар сенің жеткен жетістігіңді көре алмайды”, “Саналы, ибалы, инабатты келін берсін”, “Адамды бағалау керек, дүниені емес, дұрыс айтасыз”, “Дұрыс, тең теңімен, тезек қабымен”, – деп жарыса жазды желідегілер.