дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 25.04.2023 15:16

Министрлік "Вагнер" қатарына кірген қазақстандық студент туралы пікір білдірді

Фото: ашық дереккөз

ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Қаныш Әбубәкіров ОКҚ-де өткен брифингте "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясына өткен қазақстандық студент туралы пікір білдірді.

 

Бас штаб бастығы ресейлік ЧВК "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының сапына өтті делінген 23 жастағы қазақстандық жігіттің әскери қызметке жарамсыз болғанын мәлімдеді. 

"Ол азамат туралы айтсақ, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрамында әскери қызмет етуге жарамсыз болған. Қалған мәліметке келсек, қазіргі таңда бұл мәселемен айналысып жатқан өзге органдар бар. Солар аталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға береді", - деді Қаныш Әбубәкіров. 

Айта кетейік, бұған дейін Ресейде оқитын қазақстандық студент өз еркімен ЧВК "Вагнермен" келісімшартқа отырғанын айтып, үндеу жасаған.