сенбі, 5 қазан 2024
Әлем 15 25.04.2023 17:32

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп журналисті зорлады деп айыпталуда

Фото:nypost.com

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп журналисті зорлады деп айыпталуда.

Экс-президенттің айыпталғаны жөнінде ВВС жазды. Ақпаратқа сүйенсек, америкалық журналист Э. Джин Кэрролл дүкеннің киім ауыстыратын бөлмесінде өзін Трамптың зорлағанын айтып сотқа шағымданған. Бір ерекшелігі бұл оқиға осыдан 30 жыл бұрын болған екен. Сол себепті де жағдайдың бұрын болуынан іс қылмыстық емес, азаматтық сотта қаралмақ. 

Журналист сөзінше оқиға шамамен 1995 жылдың аяғында немесе 1996 жылдың басында болған. Манхэттендегі Bergdorf Goodman дүкенінде ол болашақ Президентті кездейсоқ кездестіреді. Кейін Трамп сыйлыққа әйелдер іш киімін алу керек деп журналистті дүкен аралауға шақырған. Тіпті экс-президент журналистке сол іш-киімдерді киіп көруін өтінеді. Ақыр соңында бұл жағдай Трамптың Кэроллды қабырғаға тақап, күшпен зорлауымен аяқталады.

Дей тұрғанымен Дональд Трамп 30 жыл бұрын болған істің шындыққа мүлдем жанаспайтынын айтып, кінәсін мойындаудан бас тартуда. Журналисті "есі ауысқан", "психикалық ауруы бар" дегенге кілтіріп әлек. 

Азаматтық сот отырысы осы аптада өтеді. Егер экс-президент ісі дәлелденсе ол сотталмайды, тек айыппұлмен құтылады. Өйткені істің болғанына ұзақ жыл болған. Бірақ саяси өміріне нұқсан келтіруі әбден мүмкін.