дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 26.04.2023 9:31

Блогер: "Қазақ жігіттерінің саны бар, сапасы жоқ"

Фото: әлеуметтік желі

Өзін әлеуметтік желідегі жұртқа Роза коуч деп таныстырған келіншектің көптеген бейнежазбасы ғаламторда желдей есіп жүр.

"Бізде қазақ жігіттерінің тәрбиесі дұрыс емес. Өкінішке қарай, жақсы атқа лайықты жігіттер өте аз. Сосын бізде “қыздар күйеуге тиюге асықпайды" деп таңғалмай-ақ қойыңыздаршы. Кімге тиеді, сорлы-ау, кімге тиеді? Мамасының балаларына ма? Жасы отызға келсе де әлі күнге дейін өзінің қолы аузына жетпейді. Кредитін шешесі төлейтін балаға ма? Саны бар, сапасы жоқ, әр жерде донер жеп, айран ішіп солқылдап жүр. Естеріңді жиыңдаршы, жігіттер" – дейді Роза Әшірбаева. 
Оның айтуынша, қазіргі жігіттер жалқау әрі тәрбиесіз. Ал қазіргінің қыз-келіншектері пысық, белсенді. 

"Қазір әйелдер көптеген курсқа қатысады, кітап оқиды, дамиды, бір-бірімен жиналып әңгімелер айтады. Статистика бойынша кітапханаға баратын әйелдер, театрға баратындардың 70 пайызы әйелдер. Ал жігіттердің айтатыны: "бізді солай тәрбиеледі ғой енді" дейді. Болды, осымен өлдік, осылай кәрілікке барамын дейді де. Рас, өздерін бала сияқты ұстайтын үлкен кісілер де бар. Ұялып кетесің. Қазіргі кезде ақсақал қалмаған ғой. Ата-анасы берген тәрбиені дамытпайды. Сондықтан мен оларды "тәрбиесіз" деп айтамын", – деді Роза коуч.