дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 10 26.04.2023 10:25

Қайрат Нұртас әйеліне жаңа көлік сыйлады

Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Қайрат Нұртас жары Жұлдыз Әбдукәрімоваға қара түсті "Lexus" көлігін сыйға тартты.

Қымбат темір тұлпарды айтыскер ақын Сара Тоқтамысова өзінің Instaram-дағы парақшасында көрсетті. 

"Жұғысты болсын. Қайраттың Жұлдызға арнаған сыйлығы", – дейді айтыскер автокөлікті көрсетіп.

Актриса туған күніне Қарақат Әбілдина, Маржан Арапбаева, Сара Тоқтамысова сынды өнердегі әріптестерін шақырды. 

“Жұлдыз, әрқашан бақытты бол! Жұлдызың жана берсін!Жарқырай бер Ай-Жұлдыз! Шарықта Ай-Жұлдыз! Армандарға қол созып, тек самғай бер, сұлу қыз”, – деп ақжарма тілегін арнады Маржан Арапбаева.