дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 7 26.04.2023 10:51

Жақында тұрмыс құрған Ерке Есмахан сахнаға оралды

Фото: ашық дереккөз

Әнші Ерке Есмахан ұзақ үзілістен кейін сахнаға шығып, Республика сарайында өнер көрсетті.

Өнер иесі тұрмыс құрғалы алғаш рет сахнаға шығып тыңдарманын қуантты.

“Біраздан сахнаға шығып тұрғаным, бүгін бір мәз боп қалдым. Өзім отбасылы келіншек болып, жаңа статуспен сіздердің алдарыңызға шығып тұрмын. Той тойлатып, билетіп қайттым”, – деді Ерке Есмахан.

Сахнада өнер көрсетіп тұрған Ерке Есмахан Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметованың қолынан гүл алды. Әнші алдағы уақытта жазушының өзіне гүл шоқтарын сыйлаймын деп уәде етті.

“Зейнеп Ахметова апайдың гүлі мен үшін ыстық. Рахмет сізге! Өмірде таныс емеспіз, енді бұйырса апайыммен танысып, өз гүлімді сыйлаймын”, – деп жазды эстрада жұлдызы.