дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 26.04.2023 12:37

Қазақстанда жетім өскендер тек 120 жылдан соң баспаналы бола алады

Фото: mobillegends.net

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында Қазақстанда кәмелет жасына толған жетім өскен азаматтарға баспана кезегінің тым ұзақ екенін ескертті. Депутат салыстыра келе олар күтетін болса, баспана кезегі 120 жылдан кейін бір-ақ келетінін айтады.

Депутаттың айтуынша, елімізде қазір жетім өскен және кәмелет жасына толған 62 351 адам баспана кезегінде тұр. Ал тәуелсіздік алғалы бері тек 8 444 адамға ғана тұрғын үй берілген. Салыстыра келе Ирина Смирнова жетім өскендер тек 120 жылдан кейін ғана түрлі бағдарламалар бойынша баспаналы болу құқығына ие бола алатынын алға тартты.

“Оның ішінде тек тегін баспана ғана емес, сатып алынатын баспана да бар. Яғни мұндай жағдайда кезекте тұрғандар тек 120 жылдан кейін ғана түрлі бағдарламалар бойынша баспаналы болу немесе оны сатып алу құқығына ие болады", – деді депутат.