дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 27.04.2023 10:21

Нұрқаділовтың ұлы кімнен қорқады?

Фото: ашық дереккөзден

Белігілі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында әкесінің тағдырын қайталауы мүмкін екенін айтып қалды, деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

 

Қайрат Нұрқаділов әкесінің ісі не себепті көтерілмей жатқаны туралы және оған не кедергі екенін түсіндірді.

“Ол іс ашылады. Әкемнің ісін ашу – перзент ретінде менің парызым. Иә, мойындаймын, Назарбаевтың ісі болуы мүмкін. Мен қорықпаймын, себебі мқны бәрі біледі. Бірақ кей біреулер бұл туралы айтуға қорқады. Кінәлі адамдардың ел алдында жауапқа тартылғанын қалаймын. Әкемді өлтірген адам мені де өлтіруі мүмкін". Біреуді қасақана өлтіру оңай дүние емес. Ол жоғарыдан келген бұйрықпен жасалып отыр. “Мен осы адамнан тапсырма алдым” деп мойындайтын адам жоқ. Егер әкемнің ісі ашылса, сол адам табылады”, – дейді саясаткердің жалғыз ұлы.

Бағдарлама жүргізушісі Нұрсейіт Жылқышыбайдың: “Сіз өз-өзіңізге қол жұмсап, өзіңізді атып жіберуіңіз мүмкін бе?” деген сауалына Қайрат Нұрқаділов: “Жоқ, мен өз-өзіме қол жұмсамаймын. “Суицид жасады” десе сенбеңдер. Құдай қаласа, мен әлі 30 жылдай тұруым керекпін. Бала-шағамды, немерелерімді аяққа тұрғызып, 80 жастан асамын. Алай-бұлай болып кетсем, халқыма жақсы күндердің туатынына сенсін деп айтқым келеді”, – дейді Қайрат Нұрқаділов.