дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 5 27.04.2023 11:34

Шетелге қашқан Күдебаев ұсталды

Фото: ғаламтордан

Серік Күдебаев ұсталып, елге жеткізілді.

Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы аясында БАҚ өкілдері Бас прокурор Берік Асыловтан: «Күдебаевтың ұсталып, Қазақстанға жеткізілгені жайлы ақпарат рас па?» деп сұраған еді.

"Иә", - деп жауап берді Бас прокурор.

Сондай-ақ ол Серік Күдебаевтың Түркиядан жеткізілгенін де айтты.

Еске сала кетейік, 3 сәуірде Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланған еді.

Айта кетейік, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған.