сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 10 27.04.2023 14:53

Мбаппе Реал Мадридке ауыспақ

Фото: football.london

Әлемдегі ең қымбат ойыншы Килиан Мбаппе жаңа клуб туралы шешім қабылдады. 24 жастағы француз Реал Мадридке ауысқысы келеді.

Мбаппе өткен жылы ПСЖ-мен келісімшарты біткен кезде испандық клубқа ауысуды жоспарлаған болатын. Алайда шабуылшы соңғы сәтте ойынан шығып, париждіктермен келісімді ұзарту туралы шешім қабылдады.

2022 жылдың күзінде Мбаппе тағы да ойын өзгертіп, Реал Мадридке ауысуды шешті деген жаңалық шықты. Мбаппе "Реалға" ауысқысы келетінін айтқан. Спортшы 2024 жылы ПСЖ-дан кете алады.

Мбаппе ПСЖ сапында 2018 жылдан бері ойнап келеді. Француз ойыншысы Transfermarkt нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат ойыншы. Оның нарықтық құны 180 миллион еуроға бағаланады.