дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 27.04.2023 15:28

"Мақпалдың сіңлісінің қызы": Қайрат Нұрқаділов Мерейге қатысты шындыққа пікір білдірді

Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та бұған дейін әнші Мақпал Жүнісованың қызы Мерейге қатысты айтқан жаңалығы тарап кеткен еді. Әнші Мерей туған қыздары емес екенін мәлімдеген болатын. Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Мақпал Жүнісованың осы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында айтты.

Қайрат Нұрқаділов марқұм әкесінің Құралай екеуінен басқа туған балалары жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, Мерейді қарындасындай қабылдайды.

"Мақпал өзі айтты, өзі жасады. Иә. Оны мен де білетінмін. Мамам да білетін, Құралай да біледі. Мақпалдың сіңлісінің қызы. Әкесі басқа адам. Асыраған бала ұқсас болып кеткен шығар. Иә, әкеме ұқсайды. Мерей қалай Заманбекқызы болды, Заманбекқызы болып қала берсін. Бірақ ол бізге қарындас болсын, жүрсін. Тек Құралай, мен (туған балалары - еск.), Мерей - асырап алған қызы. Бірақ ол бізге қарындас болып келеді. Біз оны бөлмейміз. Жақсы, ақылды қыз. Қазір институтта оқып жатыр", - деді ол.