сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 12 28.04.2023 10:43

Футбол королі Пеленің аты сөздікке енді

Фото: peoples.ru

Атақты бразилиялық футболшы Пеленің аты португал тіліндегі Michaelis сөздігінің цифрлық нұсқасына енді. Енді бұл сөз елде “ерекше, теңдесі жоқ” деген ұғымда пайдаланылады.

Аgenciabrasil сайтының жазуынша Пеле атанып кеткен бразилиялық футболшы Эдсон Арантес ду Насименту тағы бір ерекше құрметке ие болды. Оның аты енді цифрлық сөздікте белгілі бір ұғымды білдіреді. 

“Эдсон Арантес ду Насименту (1940-2022), лақап аты Пеле. Ол барлық уақыттағы ең ұлы спортшы болып саналады, ерекше, теңдесі жоқ. "Pelé" терминін "ерекше", “теңдесі жоқ” сөздерінің синонимі ретінде қолдануға болады”, –  делінген ақпаратта.