дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 28.04.2023 12:17

Қарт анасына балағат сөз айтқан астаналық тұрғын қамауға алынды

Фото: eanews.ru

Астанада қарт анасын қорлаған тұрғын қамауға алынды. 81 жастағы тұрғынның айтуынша, оның 55 жастағы ұлы үйде жанжал шығарып, оны қорлаған және кемсіткен.

Рolisia.kz-тің жазуынша, Астана тұрғыны үйге мас күйінде келіп, жанжал шығарып, анасына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлап, сол арқылы психологиялық зорлық-зомбылық көрсете бастағаны анықталды, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

Аталған дерек бойынша Сарыарқа ауданы полиция бөлімі учаскелік инспекторы Ернар Әбдірашев құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.