дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 28.04.2023 14:11

Олжас Сүлейменовтің әйелі қайтыс болды

Фото: ашық дереккөз

 

Белгілі қазақстандық ақын және қоғамдық-саяси қайраткер Олжас Сүлейменовтің әйелі Маргарита Сүлейменова қайтыс болды.

Бұл ақпаратты мәдениет минитсрлігі растады.

"Ірі қоғам қайраткері, қазақтың көрнекті ақыны, тілтанушы, саясаткер, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жары Маргарита Владимировнаның қазасына байланысты қайғыра көңіл айтамыз!" - деп жазды министрлік.

Олжас және Маргарита Сүлейменовтердің Динара, Мәдина, Ләйлә есімді үш қызы бар.