дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 28.04.2023 14:43

Павлодарда мас ер адам ойнап жүрген 12 жастағы қызды соққыға жыққан

Фото: noks.kz

Павлодарда балалар алаңында мас адам балаға шабуыл жасап, ұрып, басын сырғанаққа соққан.

Оқиғаны зардап шеккен қыздың әпкесі баяндады. Павлодар қаласының тұрғыны хабарлағандай, ойын алаңында 12 жасар қызға мас адам шабуыл жасаған. Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны ұрып-соғып, басын сырғанаққа соққан.

Аймақ полициясы оқиғаға түсініктеме берді.

"Факт 26 сәуірде тіркелді. Оқиға орнына Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы барды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бірқатар сараптамалар тағайындалған. Зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін процедуралық шешім қабылданады.