дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 8 28.04.2023 15:25

Ақбота Керімбекова ұлының ажырасып кеткенін айтты

Фото: ашық дереккөз

Үш рет тұрмысқа шығып, ажырасып кеткен қазақ эстрадасының жұлдызы Ақбота Керімбекова “1001 түн”бағдарламасында тұңғыш ұлының да некесі сәтсіз аяқталғанын айтты.

Әншінің айтуынша,  ұлы Біржанның отбасын сақтап қалу үшін барын салған. Біржан Шалқарұлы да жеке басына қатысты сұрақтарға өзі жауап беруді жөн көрді.

“Анам да, әжем де некемді сақтап қалуға тырысты. Бұрынғы әйеліммен сәйкес келмейтінімізді түсіндік. Иә, мектеп жасынан бері бір-бірімізді жақсы көрдік, кездестік, десе де жас болған шығармыз. Тағдырдың жазғаны солай. Ортадағы бала үшін де бірге тұрып көрдік. Бірақ менің жолым бөлек, ол кісінің жолы бөлек. Қызыммен бос уақытымда кездесіп тұрамын. Баламен көрісу туралы өзара келісімге келгенбіз. Қандай жағдай болмасын, мен ол қыздың әкесімін. Қызым үшін, болашағы үшін қолыман келгенін аянып қалмаймын”, – дейді Біржан.

Ақбота Керімбекова немересінің өнерге жақын екенін айтып, көңілі марқайып қалды. Әнші өзінің қандай әже екенін айтты.

“Мен қаңғыбас әжемін. Анда-мында жүреміз, жұмысым сол. Немереме айына 2-3 рет барып, уақыт табуға тырысамын. Күнделікті жұмыс, екі ұлымды үйлендіру керек, кіші баламның оқуы бар. Той-томалағымыз, концертіміз бар. Сыртта көп жүреміз”, – дейді Керімбекова.