дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 9 28.04.2023 16:16

Серік Қалиев өмірден озды

Фото: ашық дереккөзден

Белгілі ақын, журналист Серік Қалиев қайтыс болды, деп хабарлайды Dauletten.kz.

«Жатқан жері жайлы болсын ағамыздың. Бүгін Қазақ елінің ақыны, керемет тұлға, асыл ағам Серік Қалиев бақилық болды. Аллаһ рахымына алсын Сізді ағау. 30 күн оразасын ұстап, шәууаль айының 6 күндік оразасын түгендеп, Құптан намазына бара жатқан жерінде жолда көлік қағып кетті ағамызды», – деп жазды журналист Ардақ Байғабыл фейсбук парақшасында.