дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 12 02.05.2023 10:10

Жахан Отарғалиев үйлену тойын ерекше жасады

Фото: stan.kz

Екі жыл бұрын шаңырақ көтерген әзілкеш Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш жақындарының басын қосып, ұлан-асыр той жасады. Той 90-жылдардың стилінде өтті, деп хабарлайды teznews.kz stan.kz сайтына сілтеме беріп.

Актер, блогер Жахан Отарғалиев жұбайының көптен күткен арманын орындағанын айтты. 

"Негізі той жасау мүлдем жоспарда болмаған. Бар ойым Балжанның арманын орындап, ақ көйлегін кигізіп фотосессия жасау болған. Бірақ аяқ асты екеуіміз ақылдасып:"Неге тойДЫ 80/90 жылдардағы стильде жасамасқа?" деген идея туды. Идеяларымнан өзім қорқатын болдым. "Асығыс жасап қойған жоқпыз ба?" деген ой да болды, бірақ Аллахқа шүкір бәріне ұнады. Осындай маңызды күнімізде бізді қолдаған достарыма мың алғыс, сіздерге де ерекше рахмет! Тілектеріңізді оқып тауыса алмай жатырмыз", – деп жазды Жахан Отарғалиев. 

Екі жастың тойында танымал продюсер Баян Алагөзова мен Тұрсын Алагөзов те төбе көрсетті.

“Той осындай жандармен, көңілді достарымызбен керемет өтті. Өнердегі мамам, сахнада жолым ашылуына күшін салған жанға қуанышта бірге болғанға, асықпай жеткізген шынайы тілектеріне алғысымды білдіргім келеді. Баян Алагөзова мен Тұрсын Тұрымұлы, қуанышымызға ортақтасып келгендеріңіз үшін рахмет! Өздеріңіз айтқандай, құрметіміз бен сыйластығымыз таусылмасын”, – деп Балжан Бидаш өнердегі тәлімгеріне ерекше алғысын білдірді.

Әлеуметтік желіде Жас жұбайлардың неке қию сәтінен суреттері мен видеолары тарады.