дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 9 02.05.2023 10:35

Рамазан Амантай бір топ адамға шетелге жолдама алып берді

Фото: brod.kz

Ақын, актер Рамазан Амантай “Әкеге апарар” жол атты кино түсірді. Рамазан өзінің алғашқы кинокартинасының таспалануына үлес қосқан түсірілім тобын Біріккен Араб Әмірлігіне демалысқа жібермек, деп хабарлайды teznews.kz stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

 

Кинопродюсер бір дастарханда басын қосқан түсірілім тобын қуанышты жаңалықпен сүйіншіледі.

“Кинода жұмыс істеген бүкіл группа және қуанышымызға ортақтасқан әншілер де бар Алматыда өтетін "Әкеге апарар жол" киносының прьемерасына қатысып, келесі күні 3 күнге Абу-Дабиге ұшамыз”, – деп түсірілім тобына өз атынан шетелге демалысқа жолдама сыйлады.

Бұл туралы актриса Дариға Бадықова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Масқара тірлік істеді мына бала. Жас та болса ешқандай кинопродюсер істемегенді осы жігіт істеді. Бүкіл группаны Абу-Дабиға демалысқа жіберемін дейді. Алтын інім құдай пейіліңе берсін”, – деп Дариға Бадықова әріптесін жер-көкке сыйғызбай мақтады.