дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 7 02.05.2023 11:11

Заңгер Айгүл Орынбек жемқорлық туралы сөз қозғады

Фото: ғаламтордан

Заңгер Айгүл Орынбек жемқорлық туралы сөз қозғады. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлады teznews.kz.

"Шымкент әкімдікдігінде істейтін тағы екі шенеунік ұсталыпты.

“Жемқорлар”- Жер қатынастары мен архитектура басқармасында қызмет жасаған!

Жерлер бәліш сияқты сатылып, Шымкент ұсқынсыз, ауылполис болып кеткені қашан?!

Әйтенов, бұл екі қызметкерге “жесткі саудаласуды” өзің үйретпегенсің ау, ұсталып қалыпты ғой, МАСҚАРА!

Демалыс күндеріміз сәтті өтсін!

Тағы екі жемқорға тазардық!

АнтикорШымкент -Респект!

Ең басты Айдаһарды қашан ұстайсыңдар?", - деп жазды Айгүл Орынбек.