дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 10 02.05.2023 11:38

Динара Әлжан өмірі туралы кино түсіретінін айтты

Фото: ғаламтордан

Бұл жайлы ол "Менің өмірім" бағдарламысында берген сұхбатында тоқталды, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

"Өткен сұхбатта бірінші некеңіз туралы ештеңе айтпадыңыз. Не себепті?" деген журналист сауалына әнші "Қазір де айтпаймын. Ол тақырыпты мүлде қозғағым келмейді. Араласпаймыз. Қызым әкесімен араласады," деп қысқа қайырды. 

Дегенімен, ата-енесімен қарым-қатынасы жақсы болғанын айтты. 

"Жақсы келін болдым деп айта аламын. Келіндік қызметті төрт жылдай атқардым. Ата-енеммен бірге тұрдым. Таңғы 6-да тұрып, шайларын беріп үй жұмысын жасадым. Мен ата-енемнің маған еш реніші жоқ деп ойлаймын. Араласып тұрамын. Бірақ, жолдасыммен араласпаймын. Жолдасым үйленіп кетті", - деген ол.

Өнер иесі, кәсіпкер алдағы уақытта өзінің өмірі туралы фильм түсіруі мүмкін екенін де айтып қалды.

"Маған көп ұсыныстар келіп жатыр. Шетелден ұсыныстар келіп жатыр. "Кітабыңызды неге жазбайсыз?" дейді. Алдағы уақытта көре жатарсыздар. Ашылмаған қанша құпия бар. Осының бәрі кинода шығады деп ойлаймын", - дейді ол.

Сондай-ақ Динара Әлжан шулы сұхбатына тоқталды. "Біздің қыздар мен өткен жолдан өтпесе екен деп ойлаймын" деген ол. 

"Халықтан кешірім сұрап отырсыз. Ал, ол кісіден кешірім сұрай алдыңыз ба?" деп журналист сауал қояды. 

"Әрине. Сұрағанда әлі де сұраймын. Сұхбатта жеткіздім деп ойлаймын. Кім кінәлі бәрін көрді деп ойлаймын" -  деген.