сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 9 03.05.2023 12:22

9 жастағы турист қарақшылар қолынан қаза тапқан

Фото: get-meducated.com

9 жастағы балақай Нью-Йорктен Доминикан Республикасына бара сала қарақшылар қолынан мерт болды. Әуежайдан түсе сала жалға алынған көлікпен қонақүйге бара жатқан жолда тонаушылар әкесімен отырған баланы атып тастаған. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап жазып отыр, - деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Fox News басылымының мәліметінше, Гиосер Луис Фелис атты балақай Сантьяго қаласына әкесімен бірге келіп, жалға алған көлікпен қонақүйге бет алған. Осы кезде олардың соңына қарақшылар түсіп, көлікті тоқтатып алмақ болған. Көліктің тоқтайтын түрі жоқ екенін аңғарған қылмыскерлер туристерге қарата оқ жаудырған. Оқ 9 жастағы балның басына тиіп, ол ауруханада көз жұмды.

Екі күннен кейін полиция алты күдіктіні ұстады. Олардың бірі марқұм баланың әкесі Серхио Луис Фелиспен таныс болған екен.

Бұл оқиғаға қатысты Доминикан Республикасының президенті Луис Абинадер де пікір білдіріп, мұны "адам айтқысыз қылмыс" деп атады.