жұма, 18 қазан 2024
Әлем 9 10.12.2022 16:19

Иранда ағайынды үш жігітті өлім жазасына кесті

Фото: SN.kz

Иранның Систан-Белуджистан провинциясында бір күнде үш ағайындыны дарға асып өлтірді, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Report сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Азад Иран»   Telegram арнасы хабарлаған. Бауырлардың есімі - Омар, Насыр және Нушираван.

Бұған дейін Белуджа халқының өкілдері Ирандағы билеуші режимге наразылығын білдірген. Олар елдің туының түсіне «Әділет, Бостандық. Арабтар, күрдтер, белудждар, түріктер, әзірбайжандар, бақтиярлар, парсылар, бірігейік!»  деп жазып алған еді.