дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 25 04.05.2023 11:24

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі тойларының қалай өткенін айтып берді

Фото: stan.kz

Отандық шоумен, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында несие алып той жасағандары туралы айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қазақтың қарапайым баласына тұрмысқа шықтым. Үйленетін болып шештік, жақындарым болашақ күйеуімнің жағдайы нашар екені, туыстары алыста тұратынын білетін. Бірақ қарсылық танытқан жоқ. Тұрсынбек – шығармашылықтың адамы, романтик. Үндінің әндерін айтатын, қымбат болмаса да сырғалар алып беретін. Мен саябаққа, аттракциондарға барғанды ұнатамын. Мен кішкентай кезімнен айғайлап күлемін, көңілді-жүремін. Тұрсынбек менің сол мінезіме ғашық болды. Үйленуге ақша жоқ, ауылда да жағдай керемет емес. Ол кезде барлық қазақтардың жағдайы бірдей орташа болатын. Мен оған еш ренжіген жоқпын. Екеуіміз 300 мың теңге несие алдық. Тойдың ақшасын ауылға жібердік, көйлекті жалға алдым. Сөйтіп Оралға дейін пойызбен жеттік. Одан әрі таксимен барсақ 30 мың теңге, автобуспен барсақ 2500 теңге шығып тұр екен. Сөйтіп автобусқа отырып, ауданға дейін 18 сағат жүріп бардық. Ауданға жеткен соң жедед жәрдемнің көлігімен ауылға барып, келін болып түстім”, – дейді Мөлдір Мұқанова жастық шағын еске алып.

Келін түсіргелі отырған ауыл адамдары қалыңдықтың сұлулығына таңғалған. Ажарлы қыздың Тұрсынбекке тұрмысқа шығуға келіскеніне қарағана денсаулығында ақау бар деп ойлаған.

“Біз ауылға жеттік, ауыл адамдары қуанып қарсы алды. Сол кездері мен бірнеше журналдарда жүретінмін. Олар қалыңдықтың кім екенін журналдан көріпті. Тұрсынбек қазіргідегідей танымал емес. Сөйтсем ауыл адамдарының арасында: “Сондай сұлу қыздыы Тұрсынбек қалай қаратты? Әй, бқл қыз ауыратын шығар” деген сөз жүріпті. Содан тойымыз дүйсенбі күні өтті. Негізі бейсенбіге жоспарлаған екен, бірақ ауылда ол күні басқа той болғандықтан, орындық, үстелдер бос болмады. Той болатын күні үстел, орындық тасыдық, клубта дастархан жасадық. Бетімізде ешқандай бояу жоқ, шашымды өре салдым, сөйтіп тойымыз өтті”, – дейді танымал шоуменнің әйелі.