дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 04.05.2023 12:35

Петропавл: Депутат қала атауын қазақша ауыстыруға қарсы шықты

Фото: ғаламтордан

Петропавлда қала атауын қазақшалауға қатысты тағы да шу шықты. Жергілікті мәслихат депутаты Павел Афанасьев телеграм-арнасында жазба қалдырып, елді шулатты, деп хабарлайды teznews.kz Caravan.kz сайтына сілтеме беріп.

Депутат өз жабасын Telegram-арнасында жазған.

«Қала немесе облыстың атауын өзгерту жөніндегі мәселені біздің қоғамда тыныштық пен халықтың көңіл-күйін, келісім мен интернационализмді бағаламайтындар көтереді. Қалалардың атауын өзгертумен көпұлтты емес, моноұлтты мемлекет құрғысы келетіндер айналысады. Мәңгүрттер, Петропавл атауын өзгертуге жұмылыңдар», — деп жазған депутат.

Желі қолданушылары оны жаппай «депутаттықтан алып тастау керек» деген пікірлерін жаудырып жатыр.