дүйсенбі, 30 қыркүйек 2024
Шоу-бизнес 51 05.05.2023 10:10

Құрмаш Маханов: "Елуге келіп үйлі болдым"

Фото: stan.kz

Қазақстандық танымал әнші Құрмаш Маханов “Ұйқым келмейді” бағдарламасында мемлекет тарапынан еленіп, атақ алғанын айтып, тыңдарманын сүйіншіледі деп хабарлайды teznews.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

“2022 жыл мен үшін ерекші жыл болды. Біріншіден, елуге толдым, екіншіден, менің ерен еңбегім бағаланып, “Еңбек сіңірген қайраткер” атағын алдым. Одан күзде екі бөлмелі үй берілді. 20 жастағы қыз-жігіттерге айтарым, үміттеріңді үзбеңдер. Еш болмаса, мен сияқты елу жаста аларсыздар. Маңыздысы дүние жинау емес, бастысы дүниенің қалай келгені, сабырлықпен сүйікті ісіңмен айналысып, оны үлкен жауапкершілікпен, махаббатпен жасау. Сондай-ақ былтыр мен бүкіл әлемдік музыкалық платформаға шықтым. Менің әндерімді іздеген жандар сол жақтан таба алады”, – дейді Құрмаш Маханов тыңдарманын қуантып.