сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Спорт 11 15.05.2023 10:51

Головкин Ташкентте бокстан 4 алтын алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Фото: ғаламтордан

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ұлттық құраманы Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатындағы табысымен құттықтады, деп хабарлайды teznews.kz Vesti.kz-ке сілтеме беріп.

Қазақстан құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша нәтижемен құттықтаймыз! - деп жазды Головкин Instagram-дағы парақшасына.

Бұл ретте Қазақстанның тарихи табысын қайталағанын айта кеткен жөн. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында да қазақстандық 4 боксшы чемпион атанған болатын.