сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 9 15.05.2023 12:51

Түркия президенті сайлау учаскесінде балаларға ақша таратты

Фото: ашық дереккөз

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған өзі дауыс берген сайлау учаскелерінің бірінде балаларға ақша таратты.

Бұл оқиғаға байланысты израильдік журналист Амихай Стейннің Twitter-де бөліскен видеосы тарап кетті.

Видеода Ердоған сайлау учаскесіне әйелімен бірге келген. Олар Ыстамбұлдың Үсқұдар ауданындағы мектептердің бірінде дауыс берді. 

Дауыс бергеннен кейін Ердоған Білім беру мекемесінің дәлізінде сайлаушылармен сөйлесіп болған соң, қалтасынан бір бума ақша шығарып, балаларға тарата бастаған.

Түрік ақпарат құралдарының хабарлауынша, балалардың қолдарына жалпы 200 лира (шамамен 4500 теңге) түскен.

Еске салайық, 14 мамырда Түркияда президенттіксайлауда дауыс беру басталған еді.