сейсенбі, 17 қыркүйек 2024
Әлем 11 17.05.2023 10:25

Путин Тоқаевты 70 жасқа толған туған күнімен құттықтады

Фото: turantimes.kz

Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

"Телефон арқылы сөйлесу барысында Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтады. Орыс-қазақ одақтастық қатынастарын одан әрі нығайтуға және барлық салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге өзара бейімділік расталды. Бұған дейін Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдаған еді”, – делінген Кремльдің сәрсенбіде таратан ақпаратында.