Алматы облысында астан уланған 10 оқушының жағдайы белгілі болды
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында астан уланған 10 оқушының жағдайы жақсы, олар ауруханадан шығарылды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
«Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы ауруханасында ем қабылдаған 3 баланың денсаулығы жақсы. Олар ата-анасының қалауымен үйлеріне шығарылды. Балалар тұрғылықты мекенжайы бойынша дәрігердің бақылауына алынды», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.