жексенбі, 29 қыркүйек 2024
Жаңалықтар 6 23.05.2023 17:40

Астанада жарылыс болды

Фото: видеодан скриншот

Астаналықтар "Хан шатыр" сауда ойын-сауық үйі маңында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында бірнеше жарылыс болды, деп хабарлайды Teznews.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сітлеме жасап.

Маңайдағы үйлердің тұрғындары алғашқы жарылыс толқынын 16:28 шамасында сезген. Одан кейін тағы екі жарылыс болған.

Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында салынып жатқан көпқабатты үй аумағында қою қара түтін шығып жатқаны көрінеді.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Сағат 16:28-де Нұра ауданында Мұхаметханов көшесі, 4В мекенжайында жаңадан салынған нысанда өрт шықты", - деп хабарлады ТЖД.

Шақыруға 19 құтқарушы мен 4 техника шыққаны айтылды.